Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты

Ақмола полицейлері өзгенің үйіне заңсыз кіріп, қомақты қаржы мен алтын бұйымдарды қолды еткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша осы айдың басында жасалған қылмысты ашты.

3 шілдеде Щучинск қаласының 29 жастағы тұрғыны сол күні сағат 13.00-ден 16.30 аралығында  белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, 500 мың теңге сомасында ақша қаражатын, алтын бұйымдарды, атап айтқанда 4 әйел сақинасын, алқасын, алтын сырғаларды және мерейтойлық монеталарды ұрлап әкеткені туралы мәлімдеме жасады.

Залал сомасы 1,2 млн  теңгені құрады.

Осы қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер бұл қылмысты ашуға 15 күн жұмсауға мәжбүр болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады, оның қазіргі уақытта қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Полицейлер алтын бұйымдарды тауып, жәбірленушіге қайтара алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру