Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұрлыққа әрекет жасаған екеуді қылмыс орнында ұстады

Ақмола полицейлері ұрлыққа әрекет жасаған екеуді қылмыс орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 6 тамызында Целиноград ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінің 36 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам белгісіз адамдар бірнеше рет оның көлігінің жанармай багынан жанармай құйып әкететінін айтты.
Ұрылар ГАЗ-33025 маркалы автокөлігімен жүретіні және түнгі уақытта осы аулаға келетіні анықталды.
Жәбірленушіден арыз түскен күні полицейлер қадағалауды ұйымдастырып, қаскүнемдердің қалай келіп, жәбірленуші тұрған ауланың жанында тоқтағанын тіркеді.
Сәтті жүргізілген операцияның нәтижесінде Целиноград АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Абзал Хамзабаев пен Ақжол Жұманұлы қылмыскерлерді қылмыс үстінен ұстады.
Бұған дейін ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Нұр-Сұлтан қаласының 29 және 32 жастағы екі жұмыссыз тұрғыны күдікті болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 24-баптың 3-бөлігі-188-бабының 2-бөлігі (Ұрлыққа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру