Ақмола полицейлері велосипед ұрлығының бетін ашты
Ақмола полицейлері велосипед ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда Көкшетау қаласының полиция басқармасына 42 жастағы жергілікті тұрғын 14-17 қаңтар аралығында үйдің ауласынан белгісіз адам Torrent велосипедті еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 70 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын сотталған 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны көршісіне келген. Әңгімеден кейін тұрғын үйіне кіріп кеткен. Осы уақытта қаскөй ақауы бар велосипедті жөндеп, балаларына беру үшін ауладан алып кеткен. Күдіктінің айтуынша, оның балаларға екі доңғалақты көлік сатып алуға қаражаты болмаған.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлел тәркіленді.