Ақмола полицейлері велосипед ұрыларын қолға түсірді
Ақмола полицейлері велосипед ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Велосипедтер жиі қылмыстық қол сұғушылық заттары болып саналады. Бұл иелері көбінесе қол жетімді жерлерде қараусыз қалдыратын құнды мүлік. Қаскүнемдерді арнайы құлыптар да тоқтатпайды. Әдетте, велосипедтерді қайта сату мақсатында ұрлайды.
Атбасар ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. 14 мамырда полицияға Атбасар қаласының 36 жастағы тұрғыны жүгінді. Азаматша 12 мамырда сағат 15:40-тан 17:15-ке дейінгі аралықта белгісіз адам Тrinx велосипедін ұрлап әкеткенін түсіндірді. Оның кәмелетке толмаған баласы музыка мектебіне барып, велосипедті мектептің сыртында қалдырған. Сабақтан шыққан бала велосипедті таба алмаған. Шығын сомасы 70 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер қос дөңгелекті көлікті тауып алып, қаскүнемнің жеке басын да анықтады. Ол Атбасар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам велосипедті қайта сатып үлгерген. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта велосипед иесіне қайтарылды. Күдікті Атбасар ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Көбінесе қаскөйлер тұрғын үйлердің подъездерінде қалған велосипедтерді ұрлайды. Мәселен, 18 мамырда Бұланды ауданының полиция бөліміне Макинск қаласының 39 жастағы тұрғынынан подъезден белгісіз біреу еркін кіру жолымен оның Ѕрасе велосипедін ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Келтірілген шығын сомасы 60 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікке бұрын ұрлық үшін сотталған Макинск қаласының 52 жастағы тұрғыны ілінді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мұндай ұрлықтардың алдын алу мақсатында полицейлер азаматтардан велосипедті баспалдақ алаңдарында, подъезд және дүкендердің жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды. Велосипедті жабық жерлерде сақтаған жөн: жертөле немесе балконда. Егер сіз санаулы минутқа кетсеңіз де, екі доңғалақты көлікті велосипед құлпымен бекіту қажет. Құлыптау құрылғысы мүліктің 100% сақталуын қамтамасыз етпейтінін есте ұстаған жөн. Велосипедті алып кетуге, сындыруға немесе кесуге болатын заттарға бекітудің мәні жоқ. Велосипедті қалдыратын орынның жанында бейне камераларының болуына назар аударыңыз. Велосипедтің жасырын бөлшектеріне арнайы белгілер қойыңыз, велосипедті суретке түсіріңіз. Мұның бәрі ұрлық жағдайында оны табуға көмектеседі. Бейтаныс адамдардан құжаттары жоқ велосипед сатып алмаңыз. Егер сіздің велосипедіңіз ұрланған болса, дереу полицияға хабарлаңыз.