Ақмола полицейлері жастар арасында алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Ақмола полицейлері «Тоқта – алаяқ» ЖПІШ барысында оқушылар мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында «Тоқта – алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
ЖПІШ шеңберінде жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері облыстың оқушылары және студенттерімен дәрістер мен кездесулер түрінде түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырды.
Бопсалаудың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс, электрондық құралдарды пайдалана отырып, бопсалаудың немесе қудалауды тану бойынша оқыту, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы ақпарат облыстың барлық жалпы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқушылар мен студенттерді есірткіге тәуелділіктің алдын алу, интернет алаяқтықтың алдын алу, қоғамдық орындарда, төтенше жағдайлар кезінде және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйрету бойынша хабардар етуді жүзеге асырады.
Ювеналды полиция инспекторлары әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларын түсіндірді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.