Ақмола полицейлері жоғалған 4 жасар баланы іздеп тапты
Ақмола полицейлері жоғалған 4 жасар баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде түстен кейін Көкшетау қаласының полиция басқармасына орталық базар ауданында 4 жасар баланың адасқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Осы хабарлама бойынша Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде баланың тұрғылықты мекенжайы анықталды.
Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады. Олардың айтуынша, олардың ұлы алдымен үлкен әпкесімен аулада ойнаған, ал кейінірек қыз оны көзден таса еткен.
Сәбидің ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта бала үйінде.
Ақмола облысының полиция департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылауды сұрайды.