Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жоғалған егіздерді үйлеріне қайтарды

Ақмола полицейлері жоғалған егіздерді үйлеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 мамырда Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне Аршалы кенті, 20-үй 8-пәтердің 42 жастағы тұрғыннан сағат 21:30-да үйге келгенде кәмелетке толмаған егіздердің жоқтығын анықтағаны туралы телефон хабарламасы түсті, сонымен бірге үйде қармақ та болған жоқ.
Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жоғалған оқушыларды іздестіруге бірыңғай орналастыру жүйесіне тартылған барлық экипаждар, қылмыстық іздестіру қызметкерлері, учаскелік полиция уәкілдері және ювеналды полиция инспекторлары бағдарланды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір сағаттан кейін полицейлер түнде адасып кеткен 12 жасар ұл балаларды тапты. Кәмелетке толмағандар 20 мамыр күні сағат 13:30 шамасында көшеге ойнауға шығып, қараңғы түскенін байқамағанын айтты. Тек сағат 22:00-де олар кеш екенін және үйге қайту керектігін түсінді.


Егіздердің отбасымен алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.


Ата-аналары мұндай жағдайда балаларымен жаман жағдай болмағанына қуанды, ал полиция қызметкерлері оларды уақытында тауып, үйлеріне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру