Ақмола полицейлері жоғалған жылқылардың өлекселерін тапты
Ақмола полицейлері жоғалған жылқылардың өлекселерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қарашада Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 54 жастағы тұрғыны еркін жайылымнан қара және жирен түсті екі бас жылқының жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Келтірілген залал сомасы 900 мың теңгені құрады.
Бұл факт ҚР ҚК 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өздігімен іздеу нәтиже брмеді.
Ерейментау АПБ криминалдық полиция қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерді, қыстақтарды, шалғай учаскелерді, орман алқаптарын аралап шықты. Көлдің маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қоржынкөл көлінің маңында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды.