Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жоғалып кеткен әжейді іздеп тапты

Ақмола полицейлері есте сақтау қабілетінен айырылған әжейді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 шілде кешкі сағат 20:25-те Целиноград ауданының полиция бөліміне қарт әйелдің қызы келіп, есте сақтау қабілетінен айырылған анасы Любовь Финченко үйден белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлады. Өтініш түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Қарт әйелді іздеу бір минутқа да тоқтамады, іздеу шаралары қараңғы түскенде де жалғасты.

Іздеу тобы орман алқаптарының бүкіл аумағын, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайларды қарап шықты, полицейлер адамдар көп жиналатын жерлерді тексерді, сонымен қатар іздеу шараларына дрон да қолданылды.

25 шілде сағат 16:00 шамасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткерді Астана маңындағы өндірістік базаның аумағынан тапты. Әжейдің бұл жерге қалай келгені есінде жоқ, өзі тоңып қалған екен.

Полицейлер егде жастағы әйелді Есіл аудандық ауруханасына жеткізді, онда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы, егде жастағы әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру