Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ЖПІШ барысында 300-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

Ақмола полицейлері ЖПІШ барысында 300-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлық заң бұзушылықтар аңшылық пен балық аулау ережелерін сақтамаумен байланысты. Сонымен қатар ЖПІШ барысында заңсыз аң аулау және заңсыз ағаш кесу үшін 4 сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік өңір аумағында осы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Заңсыз аң аулау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Өткен кезеңде табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасының 274 әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады. Олардың ішінде аң аулау ережелерін бұзу – 196 факт, балық аулау ережелерін бұзу – 37, азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзудың – 35 фактісі, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтаудың 6 фактісі тіркелді.

Ақмола облысының полиция департаменті жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ басқа да су биоресурстарын пайдалану және өндіру табиғат қорғау заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылатынын еске салады. Өзге жағдайларда құқық бұзушылар жауапқа тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру