Ақмола полицейлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға шақырады
Ақмола полицейлері минивэн жүргізушілерін көлікті басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, апаттардың көпшілігі жүргізушілердің өздері кінәлі. Олар негізінен жылдамдық режимінен асып кетеді немесе шаршаған күйде көлікті басқарады. Айта кету керек, жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында Toyota Alphard, Toyota Estima және сол сияқты басқа да минивэндердің қатысуымен 12 жол апаты болған. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 39 адам түрлі жарақат алды. Олардың барлығы заңсыз такси жүргізушілеріне қатысты.
Қоғамдық көліктер, соның ішінде автовокзалдардағы шағын автобустар техникалық диагностикадан өтетінін, сақтандырылатынын, ал жүргізушілердің өздері медициналық тексеруден өтетінін бәрі біледі. Бірақ жеке тасымалдаушылар, керісінше, бұл талаптарды елемейді.