Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жүргізушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

Ақмола полицейлері жүргізушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ведомстволық аккаунтының direct-не алғыс сөздерімен хабарлама келіп түсті. Полицейлерге Астрахан аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері уақтылы көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Өзін нашар сезінген ГАЗель жүргізушісін Екатеринбург – Алматы автожолының 1140 шақырымында патрульдік полиция батальонының “Тұлпар 4” экипажының қызметкерлері Джаканов Аслан мен Бейісов Бауыржан байқады. 59 жастағы ақмолалық кенеттен жолда ауырып қалды – тұншығу мен жүрек ауруының салдарынан ер адам әрең дем алып, сөйлей алмады және тек қолдарын бұлғады. Өзін нашар сезінген ер адам жолдың жиегіне тоқтап, оны тәртіп сақшылары байқады. Кейін белгілі болғандай, ол Бұланды ауданына бара жатқан. Әр минуттың қымбат екенін түсінген полицейлер жедел жәрдем шақырды. Новочеркасское ауылының тұрғынына көмек көрсетіп жатқандықтан жедел жәрдем көлігі жақын жерде болды. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлерінің бригадасы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жағдайдың ауырлығын бағалаған полицейлер Бейсенбек Ділдабекұлын Астрахан аудандық ауруханасына жеткізді.

– Инспекторлардың жедел және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында қабылдау бөлмесінде ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Ол Астрахан ауруханасының терапия бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, – делінген хабарламада.

Полицейлердің өздері бұл әрекетті ерекше деп санамайды, өйткені олар көбінесе жолда штаттан тыс жағдайларға тап болып жатады және әрқашан көмекті қажет еткен адамдарға көмектесуге тырысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру