Ақмола полициясы балаларды мотоцикл рөліне отырғызбауды ескертеді
Ақмола облысының Біржан Сал ауданы Бұланды ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны Sonlink мотоциклін басқара отырып, жолдың жүріс бөлігіне шыққан 8 жасар велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттары бар 8 жасар бала Макинск қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалануы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Көбіне ата-аналар өздерінің жас балаларына зиянсыз болып көрінетін көлікті басқаруға беріп жатады және оның соңы қайғылы жағдайларға әкеліп жатқаны бірінші рет емес.
Сонымен қатар, тағы бір үлкен мәселе – ол көшелердің әлсіз жарықтануы. Өкінішке орай көшелер нашар жарықтандырылғадықтан және бабалар көбіне күңгірт түсті киім кигендіктен көзге түспей қалу қаупі бар.Бұл жағдайда алдын алудың ең тиімді әдісі – киімде де, велосипедте де шағылыстыратын элементтерді қолдану.
Осыған байланысты полицейлер ата-аналарға балалардың өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға кеңес береді.
Мотоцикл балалардың көңіл көтеруіне арналмаған, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында мотоцикл жүргізушілері 70-ке жуық жол қозғалысы ережелерін бұзған.