Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖ қызметкерлері қарасора жинап жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады

Ақмола ҚАЖ қызметкерлері қарасора жинап жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің РҚБ ЕЦ-166/25 мекемесі іргелес аумағын айналып өту кезінде мекеменің режим бөлімінің кинологы Манат Төлеген “Рекс” атты іздеуші итімен бірге жабайы қарасораның өсінділерін жинап жүрген Гранитный кентінің кәмелетке толмаған тұрғынын ұстады. Ұсталған баланың айтуынша, ол қарасораны жеке пайдалану үшін жинаған.

Кәмелетке толмаған құқықбұзушы қосымша тергеуге Ақмола облысы ПД Зеренді АПБ-на жіберілді, қажетті сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру