Ақмола ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ардагерлерді мерекесімен құттықтады
Қазан айында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№6 мекеменің қызметкерлері өз ардагерлерін ұмытпайды және таңертеңнен қонақтарды күтіп алу дайындығы басталған еді.
— Біз ардагерлерімізді жыл сайын қарсы аламыз, әр жолы бұл ерекше толғанысқа бөлейді. Бұл кісілерді лайықты қарсы алып, олардың қызметті еске алып, қуанышты сәттерді көптеп сезінгенін қалаймыз, — деді мекеме басшысы Дархан Мырзабеков.
Кездесу жылы әрі шынайы өтті. Қонақтар бұрынғы уақыттарды еске алып, жастармен әңгімелесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
— Жас, жігерлі және өз ісіне бей-жай қарамайтын ҚАЖД қызметкерлерін көру біз үшін үлкен қуаныш. Біз жыл сайын кездесіп, жаңа өзгерістерді байқаймыз. Жұмыс жағдайларының жақсарып жатқаны қуантады. Біздің уақытта оңайырақ болған шығар, бірақ біз өміріміздің ең жақсы жылдарын жылы лебізбен еске аламыз, — деп бөлісті ҚАЖД зейнеткері, бұрынғы режим бөлімнің аға жедел уәкілі Қайрат Садықов.
— Мен осы шараға шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Бізді ұмытпай жүргендеріңізге рақмет. Қызмет жылдары зымырап өтеді, бірақ зейнетке шығуға асықпаңыздар… үлгересіздер, — деп күлімсіреді ардагер Қосман Елеушев.