Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті

Ақмола тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінің атына Жасұлан Шпекбаев пен Әсет Ахметовтың атына жол үстінде істен шыққан автокөліктің жүргізушісі алғыс сөздерімен бейнеролик жіберді.

Ақмола полицейлері 8 желтоқсанға қараған түні «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 154 шақырымында қызмет көрсетілетін учаскені тексеру барысында Chevrolet Сruze автокөлігі көзге түсті. Семей қаласынан Астанаға барар жолда автокөлік істен шығып, тұрып қалғаны белгілі болды. Екі жігіт жол бойы өтіп бара жатқан жүргізушілерден көмек сұрады. Бақытымызға орай, оларды патрульдік полиция ротасының «Бакай 7P2» экипажы байқады.

Полицейлер эвакуатор шақырды, ал ол келгенге дейін жігіттер қызметтік көлікте жылынды.

32 жастағы жүргізуші мен оның досы елордаға жол-жөнекей автокөлікпен жетіп, Ақмола тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру