Ақмола тұрғыны 15 жыл бұрын әкесінің сыртынан несие рәсімдеген
Ақмола тұрғыны 15 жыл бұрын әкесінің сыртынан несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атбасар ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Өткен жылдың 28 желтоқсанында Атбасар ауданының полиция бөліміне Атбасар қаласының 58 жастағы тұрғыны 2006 жылдың қазан айында белгісіз адам оның атына банктердің бірінде 237 мың теңге сомасында несие ресімдегені туралы өтінішпен жүгінді.
Өтініш беруші коллекторлар оған қоңырау шалмайынша рәсімделген несие туралы білмеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің құжатын пайдаланып, несиені оның 37 жастағы туған баласы ресімдегені анықталды. Жас жігіт жеке қажеттіліктеріне ақшаны жұмсады, бірақ ата-анасына ақшаны қайдан алғанын айтпаған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға шақырады. Басқа адамдардың қарыздарының құрбанына айналмас үшін, сіз ешқашан қарыз алмаған болсаңыз да, несие тарихыңызды тексеруіңіз қажет. Бұл алаяқтық жағдайларын тезірек анықтауға көмектеседі. Алаяқтар жарамсыз құжаттарға, яғни жоғалған жеке куәлікке несие рәсемдей алады.