Ақмола тұрғынынан 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді
Ақмола тұрғынынан 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсанда Атбасар полиция бөлімінің учаскелік инспекторынан аудан ауылдарының бірінің тұрғыны көмек сұрады. Әйел жұбайымен ауызша жанжал болғанын айтты. Ақмолалық полицейлерге оның 34 жастағы жұбайы шаруашылық құрылысында есірткі заттарын сақтайтындығы туралы хабарлады. Сол күні Атбасар КПБ полиция қызметкерлері үйді және оған іргелес жатқан шаруашылық құрылыстарды санкцияланбаған тінту барысында сарайдан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 2 келіге жуық кептірілген марихуана болып шықты.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.