Ақмолада 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Ақмолада жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қаңтарда шамамен сағат 22:23-те Есіл АПБ учаскелік инспекторы Мәскеу ауылы маңындағы әкімшілік учаскені аралау барысында кюветтен Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны жүргізген ВАЗ-2010 автокөлігін тапты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» мас күйде болған.
Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың 2021 жылғы тамызда жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды