Ақмолада алаяқтық фактісі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр
Ақмола облысында тиімді валютаға айырбастау алаяқтық фактісі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қосшы қаласының полиция бөліміне Целиноград ауданында уақытша тұрып жатқан Тюмень облысының тұрғыны Ресей Федерациясының азаматынан өтініш келіп түсті.
Әйел 3 қарашада Telegram әлеуметтік желісінің чаттарының бірінде тиімді бағам бойынша рубльді теңгеге айырбастау туралы хабарландыруды көргенін айтты.
Алғашқы мәміле сәтті өткен. Өтініш беруші хабарландыру авторымен байланысып, 72 мың рубльді теңгеге айырбастаған. Кейінірек ер адаммен кезекті валюта айырбастау туралы келісе отырып, жәбірленуші алаяқтың шотына 237 500 рубль (1,6 млн теңге) сомасында ақша аударған. Осы қолма-қол ақшаны алған алаяқ өзінің құрбанымен арасындағы жалғыз байланыс құралы болған Telegram арнасын өшіріп тастаған.
Қосшы қаласының полиция бөлімімен осы факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті адамды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.