Ақмолада алаяқтықпен тұрғынның ақшасын иемденген күдікті құрықталды
Ақмола облысының Зеренді ауданында азаматқа несие рәсімдеп беремін деген сылтаумен ақшасын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық полиция бөліміне Гранитный кентінің 29 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі бойынша арыз келіп түседі. Алданған әйел азамат интернет желісінде екінші деңгейдегі банктердің бірінің сайтынан несие алу шарттары туралы ақпарат іздеп, сілтемені тапқан. Сілтеме бойынша өтіп, 4 млн теңге сомасында несие алуға жәрдемдесуге уәде берген белгісіз адаммен хат алмасуды бастаған.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам несие рәсімдеу үшін өзі жіберген банк картасының шотын қосымша ақшалай сомамен толықтыру қажеттігін айтқан. Соның салдарынан әйел 358 мың теңгесін алаяққа аударып жіберген. Жәбірленуші алаяқтардың айла-амалдарына тап болғанын кеш түсініп, полицияға жүгінді.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, интернет желісіндегі бейтаныс адамдарға ақша бермеуге және аудармауға, белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа да дереккөздерге дербес деректерге сенбеуге шақырады.