Ақмолада бал жақтауларын ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Ерейментау ауданының ПБ кезекші бөліміне 63 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны омарташы жүгінді.
Ер адам 23 маусымға қараған түні оған тиесілі омарта аумағынан еркін кіру арқылы белгісіз біреу Өрнек ауылынан бес бал жақтауын ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 70 000 теңге көлемінде бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері осы ауылдың 44 жастағы тұрғынын анықтады, ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.