Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада бөтеннің үйіне заңсыз кірген әйел анықталды

Ақмолада бөтеннің үйіне заңсыз кірген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпанда Зеренді аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан телефон хабарламасы келіп түсті, ол полицияға көршісінің пәтеріне белгісіз адамдар кіргенін айтты.

Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері жәбірленуші жұмыстан оралған соң, өз пәтерінде оқиға орнынан терезе арқылы қашып кеткен бейтаныс ер адам мен әйелді тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның бір ауылының тұрғыны – 39 жастағы әйел «ізін суытпай» ұсталды. Екінші күдіктінің орналасқан жері анықталуда.

Аталған факті бойынша Зеренді АПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру