Ақмолада ер адам тұрғынның көлігіне винтовкадан оқ атты
Ақмолада ер адам тұрғынның көлігіне винтовкадан оқ атты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсада Бұланды АПБ кезекші бөліміне Вознесенка аулының учаскелік полиция инспекторы белгісіз біреу ішінде 24 жастағы ауыл тұрғыны отырған ВАЗ-2110 маркалы автокөлігіне ұсақ калибрлі винтовкадан екі оқ атқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Қаскүнем Вознесенка ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, одан полицейлер ТОЗ-8 шағын калибрлі мылтығын тәркіледі. Сонымен қатар, оқиға орны мен жәбірленушінің көлігін тексеру кезінде полиция гильзалар тапты.
Қылмыстың себебі жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы жаман қарым-қатынас екендігі анықталды. Бұланды ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.