Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 25 шетелдік жауапқа тартылды

Ақмола полицейлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 1-10 қазан аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізген төрт күн ішінде облыстың ПД мобильді топтары 370 тексеру шараларын жүзеге асырды, соның нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 517-бабы бойынша 25 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола полицейлері ҚР аумағында рұқсат етілген болу мерзімі өтіп кеткен шетелдіктерге тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну және өзінің құқықтық мәртебесін реттеу қажеттігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру