Ақмолада өртенген көліктің салонынан табылған мәйіттің жеке басы анықталды
Ақмолада өртенген көліктің салонынан табылған мәйіттің жеке басы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
15 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғынынан оған тиесілі Mercedes МL автокөлігінің ұрланғаны жөнінде өтініш келіп түсті.
Залал сомасы 3,2 млн теңгені құрады. Осы факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (Көлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Mercedes МL автокөлігі Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында өртеніп кеткен күйінде табылды. Жүргізуші бетон аялдамаға соғылып, сол жерде көз жұмды.
Криминалистикалық есепке алу базасы бойынша қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Нұрлы Көш кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты.