Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер ІІМ-нің құрметті ардагерін құттықтады

Ақмола облысында полиция қызметкерлері ІІМ-нің құрметті ардагерін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы құрметті ардагерді 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ішкі істер органдарының ардагері Өмірхан Әлжапаровтың айтулы күнімен департамент бастығының орынбасары Бақытжан Ералин және ІІО және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев құттықтады.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан ІІО ардагерлер ұйымының жұмысына, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Өмірхан Әлжапаров Құрмет грамотасымен марапатталды. Департамент бастығының атынан грамота мен құттықтау хатын ардагерге Бақытжан Ералин тапсырды.

ІІО ардагері Өмірхан Әлжапаров ішкі істер органдарындағы қызметке жалпы елу жылдық еңбек өтілінің 40 жылдан астам уақытын берді.

1966 жылы Көкшетау қалалық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша Өмірхан Әлжапаров Көкшетау облысы ІІБ кадрлар бөлімінің жедел уәкілі қызметіне кірісті.

Әрі қарай 1975 жылы ол Володарск АІІБ кадр жұмысы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Кейін Қызылту және Зеренді АІІБ басшысы ретінде басшылық лауазымдарға тағайындалды, содан кейін ІІБ аудандық және қалалық бөлімшелерінің қызметіне бақылау жүргізетін облыстық аппараттың штаб-басқармасына ауыстырылды.

Белсенді өмірлік ұстаным, жан-жақты мүдделер, өз ісіне деген сүйіспеншілік – 1996 жылы ІІБ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалығына Өмірхан Әлжапаровтың кандидатурасын ұсыну үшін жақсы ұсыныс болды.

Ардагерлер ұйымының басшылығымен бір мезгілде Өмірхан Әлжапаров Ақмола облысы ІІД бастығының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Ол Көкшетау, кейінірек Ақмола облысының Ардагерлер кеңесін 14 жыл басқарды.

Бүгінде Өмірхан Әлжапаров туыстары мен жақындарының ортасында ұл-қыздары мен немерелерін тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру