Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер психологиялық семинардан өтті

Ақмолада полицейлер психологиялық семинардан өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған маңызды семинар өтті. 16 мамырда бейнеконференция форматында ұйымдастырылған сабақ эмоционалдық күйзелістің алдын алу тақырыбына арналды. Бұл тәсіл облыс бойынша барлық құрылымдық бөлімшелер мен ҚАПББ қызметкерлерін қамтуға мүмкіндік берді.

Семинар лекторы – "Өмір" отбасылық тәрбиелеу орталығының тәжірибелі психологы Татьяна Жұмағатова. Ол тыңдаушыларға эмоционалдық денсаулықты сақтау жолдарын, күйзеліс жағдайларындағы тиімді мінез-құлық үлгілерін және азаматтармен дағдарысты сәттерде қалай дұрыс байланыс орнату керектігі жайлы нақты ұсыныстар берді. Әсіресе шиеленісті төмендететін бейтарап және қолдаушы сөздердің маңыздылығы ерекше аталды.Сабақ барысында ұжымішілік қарым-қатынастың психологиялық аспектілері де қозғалды: күйзелісте жүрген әріптесті түсініп, қолдау көрсету, жеке кеңістік пен шекараны сақтау, артық баға беруден аулақ болу қажеттігі айтылды. Қарапайым, шынайы қолдау сөздері мен зейін қою — салауатты жұмыс ортасын қалыптастырудың кілті.

Мұндай бастамалар полиция қызметкерлерінің күйзеліске қарсы тұру қабілетін арттырып, кәсіби қызмет сапасын жақсартуға, сондай-ақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақмола облысы полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатын сақтауға ден қойып келеді. Эмоционалдық тұрақтылық пен ішкі тепе-теңдік – азаматтардың қауіпсіздігі үшін адал әрі сапалы қызметтің негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру