Ақмолада полицейлер үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты
Ақмолада полицейлер үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақмола облысының Полиция департаменті Криминалдық ПБ-ның және Көкшетау қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты.
Ол Көкшетау қаласындағы орталық базар ауданында болған. Ер адам жоғалу себебін түсіндірмеді. Онымен барлығы жақсы, ешкімге шағымы жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 маусымында полицияға із-түзсіз жоғалғанның немере ағасы іздеуге көмек сұрап жүгінген болатын.