Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырды

Ақмола облысында полицейлер жүргізушілерді жолда мұқият болуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше жауапкершілік танытуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысының қатысушылары – жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші болсын – күн сайынғы сақтық пен тәртіптің үлгісі болуы тиіс. Әсіресе, жолда балалардың қауіпсіздігі баршамыз үшін басты назарда болуы қажет.

Өкінішке қарай, жуырда Ақмола облысында орын алған жол-көлік оқиғасы балалар қауіпсіздігінің өзектілігін еске салды. 27 қазанда Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны Mitsubishi Pajero көлігін үргізіп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде екі жасөспірімді қағып кетті. Салдарынан 2011 және 2013 жылы туған жасөспірімдер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға, ерекше назар аударуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру