Ақмолада полиция қызметкері жасөспірімге темекі сатылғанын анықтады
Ақмолада полиция қызметкері 18 жастағы жасөспірімге темекі сатылғанын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері мен ювеналды инспектор көшеде темекі өнімін пайдаланған жас жігітке назар аударды. Жасөспірімнің мінез-құлқы күдік тудырып, оның жасын анықтау мақсатында тоқтатылды.
Тексеру барысында жігіттің 18 жасқа жаңа толғаны және темекіні жақын маңдағы дүкеннен сатып алғаны белгілі болды. Сауда орнының қызметкері оның жасын сұрамағанын мойындады. Қолданыстағы заңға сәйкес, кәмелетке толмаған адамға темекі сатқаны үшін сатушы жауапқа тартылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Ақмола облысында 21 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 69 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полицейлер бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
