Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Ақмолада құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыстық орталық ЖШС бірінің басшысының арызы келіп түсті. Кәсіпкер 24-25 қараша аралығында белгісіз тұлғалар кәсіпорынның контейнерінен құны 535 мың теңге болатын құрылыс жабдықтары қолды болғанын хабарлаған. 

Ұрылардың олжасы дәнекерлеу машинасы, бұрағыштар, балға, перфоратор, ұзартқыштар, электр станциясы, дәнекерлеу кабельдері, тегістеуіш болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар Көкшетау қаласының 28 жастағы және Солтүстік Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамдардың бірі осы кәсіпорында жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ұрланғандардың бәрі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру