Ақмолада құрылысшы тұрғынды алдап кетті
Ақмолада құрылысшы тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны көмекке жүгінді. Өтініш беруші ағымдағы жылғы 17 маусымда құрылыс жұмыстарын көрсету жөніндегі шебермен байланысқанын, бірақ ақшасыз қалғанын хабарлады.
Жәбірленушінің айтуынша, ол OLX жарнамалық сайтында қызмет көрсету туралы хабарламаны тапқан.
Шебермен хабарласып, құрылыс жұмыстарының барлық бөлшектерін талқылап, жәбірленуші күдіктіге 950 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасады. Жұмыс жүргізілетін объектіге қысқа уақыттан кейін келген өтініш беруші ауызша келісімшарт жасалған күдіктіні де, жалдамалы жұмысшыларды да таппады, күдікті келесі күндері телефон қоңырауларына да жауап бермеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол «қалта-ұрысы» санаты бойынша есепте тұрған облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.