Ақмолада қызметтік-іздестіру иттің көмегімен ұрлық ашылды
Ақмолада қызметтік-іздестіру иттің көмегімен ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қараша сағат 10:10-да Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының 2021 жылдың 31 қазанына қараған түні белгісіз адам одан 450 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағаны туралы арызы келіп түсті. Арыз беруші пластикалық терезелерді дайындаумен және орнатумен айналысатынын түсіндірді. Жоғалған ақша терезелерді орнату бойынша орындалған жұмыс үшін алынды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушімен жұмыс істейтін бұрын сотталмаған 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол алкогольді бірге ішкеннен кейін әріптесі ұйықтап қалғанын айтты. Осы сәтті пайдаланып, ақшаны ұрлап кетен. Күдікті ақшаның бір бөлігіне сүйіктісіне 4 гүл шоғын сатып алып берген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сол күні сағат 15:00-де Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаланың 37 жастағы тұрғынының 41 жастағы көршісі ауланың қоршалмаған аумағынан 3 текше метр отын ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 36 мың теңгені құрады. 19 қазан мен 1 қараша аралығында арыз беруші жол жүріп кеткендіктен үйінде болмаған. Ол болмаған кезде бұрын сотталмаған көршісі ауладан отын алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тағы бір ұрлықты Сандықтау ауданындағы полицейлер ашты. 1 қарашада сағат 12:30-да кезекші бөлімге ауданның ауылдарының бірінің 38 жастағы тұрғынының 1 қарашаға қараған түні белгісіз тұлға оның ауласының аумағынан 40 литрлік алюминий құтыны ұрлап кеткені туралы арызы келіп түсті. Шығын сомасы 8 мың теңгені құрады.
– Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының құрамында кинолог полиция старшинасы Сергей Губарев және Рэм атты қызметтік-іздестіру иті болды. Аулада қаскүнемнің аяқ киімінің ізі табылды. Рэм ізді алып, полиция қызметкерлерін ұрлық жасалған жерден шамамен 900 метр қашықтықта орналасқан үйге апарды. Рэм – қызметтік-іздестіру иті. Мен онымен екі жылға жуық жұмыс істеп келемін, – дейді полиция старшинасы С.Губарев.
Арыз берушінің 48 жастағы жерлесі бұл әрекетін мойындады. Қаскүнем ұрланған құтыны металл қабылдау пунктіне өткізуді жоспарлаған. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.