Ақмолада танысының атынан несие рәсімдеп алған елордалық әйел ұсталды
Ақмолада танысының атынан несие рәсімдеп алған елордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кезекті фактісін ашты. Өткен жылы 10 желтоқсанда полицияға Красный Яр ауылының 51 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам банктердің бірінде белгісіз тұлға оның атынан 119 664 теңге несие рәсімдегенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
8 желтоқсанда жәбірленушімен жеке кездесу кезінде әйел телефонға ашық қол жеткізіп, банктің мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруші болмаған кезде оның атына онлайн несие ресімдегені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.