Ақмолада тұрғын жұмыс орнында жарақат алған
Ақмолада тұрғын жұмыс орнында жарақат алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қаңтарда Аршалы АПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 26 жастағы жергілікті тұрғынның «кеуде қуысының жарақаты, іштің жарақаты» диагнозымен қабылдау бөлмесіне жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жедел-тергеу тобы зардап шегушінің кәсіпорындағы жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.