Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғынды бұрынғы жұмысшысы 330 мың теңгеге алдап кетті

Ақмолада тұрғынды бұрынғы жұмысшысы 330 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Қоянды ауылының 51 жастағы тұрғынының осы жылдың қыркүйегінде таныс емес жігіт алдап, оның 330 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденгені туралы өтініші келіп түсті. Жәбірленуші мал шаруашылығымен айналысатынын айтты.

Ер адам қысқа уақыт ішінде оның қосалқы шаруашылығында жұмыс істеген және жұмыс берушінің сенгіштігін пайдаланып, алдымен 200 мың теңге, содан кейін тағы 130 мың теңге қарыз сұраған. Содан соң белгісіз бағытта кетіп қалған, ал телефоны сөндірулі болған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болмаған Қоянды ауылының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру