Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғыннан ноутбук пен планшет жымқырған күдікті ұсталды

Ақмолада көшіп жатқан отбасыдан ноутбук пен планшет жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Көкшетау қаласының ПБ-ның кезекші бөліміне облыс орталығының 31 жастағы тұрғынынан ұрлық туралы арыз келіп түсті. Әйел 4-8 маусым аралығында үйдің ауласынан белгісіз біреулер «Аѕег» маркалы ноутбук пен «Huawei» маркалы планшетті ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 210 мың теңге көлемінде бағалады.

Оқиға орнына келген полицейлер тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты қылмыс отбасы тұрмыстық техника мен жиһаз тасымалдаумен айналысқан кезде жасалғанын анықтады. Жәбірленушілердің айтуынша, заттар біраз уақыт үйдің ауласында және кіреберісте қараусыз қалған. Отбасы жоғалған заттарды толық тасымалдауды жүзеге асырғаннан соң, жаңа жерге келгеннен кейін анықтады.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол жәбірленуші көшіп келген үйдің 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру