Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада учаскелік полиция инспекторлары күш кабелін ұрлағандарды ұстады

Ақмолада учаскелік полиция инспекторлары күш кабелін ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсанда Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне бір кәсіпорын директорының ұрлық туралы арызы келіп түсті. Өтініш беруші 25 қараша мен 15 желтоқсан аралығында белгісіз тұлғалар 35 метр күш кабелін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 500 мың теңгені құрады. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру барысында ПБ учаскелік инспекторлары күдіктіні анықтады, ол жақын маңдағы ауылдардың бірінің 26 жастағы тұрғыны, кәсіпорын қызметкері болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру