Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада заңсыз ет тасымалдаған шетелдік жауапқа тартылды

Ақмолада заңсыз ет тасымалдаған шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурызда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Атбасар ауданының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері шетелдік азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2107 көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.

Бұдан басқа, жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкессіздігі анықталды. Ер адам ет өнімдерін тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ, кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында өткізу үшін Ақмола облысының елді мекендерінде ет өнімдерін сатып алуды және тасымалдауды жүзеге асырған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігі (Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Атбасар ветеринарлық инспекциясына құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК 406-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша жауапкершілікке тарту үшін материалдар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру