Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада заңсыз көші-қонды ұйымдастырған әйел анықталды

Ақмолада заңсыз көші-қонды ұйымдастырған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан «Нелегал-Кордон-2021» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бурабай АПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Щучинск қаласының аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісін анықтады.

Облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны Өзбекстан Республикасынан келген бес мигрантты жұмысқа шақырғаны және заңсыз баспана бергені анықталды. Аталған факті бойынша 394-баптың 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жалпы, «Нелегал-Кордон-2021» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің өткен кезеңінде көші-қон қызметінің бөлімшелері шақырылған шетелдіктердің ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша белгіленген ережелерді бұзғаны үшін ҚР 27 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, 4 шетелдікке ҚР аумағында болу мерзімі қысқартылды, 13 шетелдік ҚР Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру