Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне Төңкеріс ауылының тұрғынынан Алтынсарин ауылының маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Зардап шегушінің жағдайы ауыр.
Оқиға орнына келген полицейлер алдын ала мәліметтер бойынша, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1241 шақырымында «Subaru Forester» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алтынсарин ауылының 25 жастағы тұрғынын бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп бара жатқан жолақта соғып кеткенін анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам Нұр-Сұлтан қаласындағы ТОҒЗИ «оң жақ иық сүйегінің жабық сынуы, орын ауыстыруы бар иық сүйегінің ашық сырғымалы сынуы» диагнозымен жатқызылды.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 33 ЖКО орын алып, үш адам қаза тауып, 32 адам түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің кінәсінен жеті ЖКО болды.