Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған медициналық анықтамалар дайындаған
Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған медициналық анықтамалар дайындаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының тұрғыны шетел азаматтары үшін жалған медициналық анықтамалар дайындады деген күдікке ілінді.
Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағында көшіп келушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында шетел азаматтары үшін медициналық тексеруден өткені туралы жалған анықтамалар дайындағаны алдын ала анықталды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.