Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты

Ақмолалық оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында «Мен және менің полицейім» атты бес күндік акциясы өтуде. Оның аясында полиция қызметкерлері балаларға арнап өз бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастыруда: өз жұмыстары туралы әңгімелеп, арнайы техниканы көрсетеді және ішкі істер органдарының тарихымен таныстырады,

14 сәуірде полиция қызметкерлері облыс орталығының барлық мектептерінің оқушылары үшін кезекті экскурсияны ұйымдастырды. Акция барысында Көкшетау қалалық ПБ Жедел басқару орталығында оқушыларға жалпы білім беру мекемелерінің, қиылыстар мен көпқабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейнекамералардың жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар, балалар өздерінің мектептерін орталық мониторлары арқылы көруге мүмкіндік алды.

– Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының 29 оқу орнында мыңнан астам ЖБО бейнебақылау камералары орнатылды. Жедел басқару орталығына қосылу жұмыстары жалғасуда, – деді ЖБО аға инспекторы Арман Рахметжанов.

№ 17 мектеп гимназиясының әлеуметтік педагогы Наиля Галиаскарова өз әсерімен бөлісіп, Полиция департаментіне барғаннан кейін екі жоғары сынып оқушысы болашақ мамандықтарын анықтағанын айтты.

– Бір күн бұрын «Динамо» ДСҚ-на барып келген ұлдар ЖҚАЖ қызметкерлерінен қоян-қолтық ұрыстың алғашқы сабақтарын алды. Бұрын балаларға Қарағанды академиясына оқуға түсу қол жетпейтін нәрсе болып көрінген, бірақ полиция қызметкерлерінен толық ақпарат алғаннан кейін олар оқу орнын нақты анықтады, – деп бөлісті педагог.

Экскурсия кинологиялық қызмет орталығында аяқталды, онда жасөспірімдер ұрланған заттарды, жасырын есірткі құралдарын тапқан қызметтік иттердің жұмысымен танысты

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру