Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер 1000-нан астам көлікке жол көрсетті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ақмолалық полицейлер 1000-нан астам автокөлікке жол көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үшін мереке күндері оңай болған жоқ. Бұрқасын, қар көшкіні және көктайғақ салдарынан патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Қарлы боранға және жолдың көрінуінің шектелуіне байланысты, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдар жабылды. Полицейлердің басты міндеті-жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қолайсыз ауа райының салдарынан қандай-да бір зардаптарға жол бермеу болып табылады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік автокөліктер 1203 автокөлікке, оның ішінде 923 жеңіл және 280 жүк көлігіне жол көрсетті.

– Сонымен қатар, облыс аумағында 80 қызметкер мен 38 патрульдік автокөліктен тұратын 38 мобильді бекет қойылды, олар елді мекендерде және республикалық маңызы бар автожолдарда қызмет атқарды, – деп атап өтті Ақмола облысының ПД ЖПҚБ бастығы Серік Баймұқанов.

Полицейлер жүргізушілерден сақ болуды, ауа райының өзгерістерін бақылауды, дауыл туралы ескертулерді назардан тыс қалдырмауды және жолда қиын жағдайға тап болған кезде дереу «102» телефонына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру