Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер 8 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді

Ақмолалық полицейлер «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 8 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыс қаруын қолдану қылмыстарының алдын алу және ескерту, заңсыз айналымнан қаруды, оқ-дәрілерді алып қою, қарудың сақталуын және оларды сақтау шарттарын тексеру мақсатында 3 ақпаннан бастап Ақмола облысының аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Өткен кезеңде заңсыз айналымнан 31 қару, оның ішінде: төрт ойық, 27 тегіс ұңғылы қару және ойық ұңғылы қарудың 88 патрондары алынды. Бұдан басқа, ІІО-ға азаматтар ерікті түрде алты бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруын тапсырды.

Облыс аумағында тұрғылықты жері бойынша сегіз мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді, бұл ретте ҚР ӘҚтК 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша қаруды сақтау қағидаларын бұзғаны үшін 118 қару иесі және ҚРӘҚтК 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 50 адам жауапкершілікке тартылды. Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Аршалы ауданы тұрғынының жеке меншік үйінің аумағында тіркелмеген 16 калибрлі ИЖ, 16 калибрлі ТОЗ-63 қару, сондай-ақ тегіс ұңғылы қарудың 65 патрондары табылды.

Басқа жергілікті тұрғыннан полиция қызметкерлері 20 калибрлі моделі жоқ тегіс ұңғылы, екі ұңғылы мылтықты, саны 11 дана тегіс ұңғылы мылтықтан патрондарды тауып, тәркіледі. Екі факт бойынша да баллистикалық сараптама тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, 500 шаруа қожалығы мен шалғайдағы жайылым учаскелерінен анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін және айыппұл төленгенге дейін 261 бірлік қару тәркіленді. Сонымен қатар, жоғалған санат бойынша есепте тұрған тегіс ұңғылы қарудың төрт бірлігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру