Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша іс қозғады

Ақмолалық полицейлер еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қазан күні Шортанды ауданының полиция бөліміне орталық аудандық аурухана дәрігерінің қабылдау бөлмесіне «ЖБМЖ, МШ, бас сүйегінің жабық сынуы, травматикалық шок» диагнозымен 30 жастағы ер адам келгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Тергеу жедел тобы жәбірленушінің кәсіпорында оқпанды жерасты жұмысшысы болып табылатынын және жүк тиеу-жеткізу көлігіме жұмыс істеген кезде жарақат алғанын анықтады.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 156-бабы (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру