Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер соқыршегі жарылған қызды аман алып қалды

 26-шы тамыздан 27-ші тамызға қараған түні Астана – Қабанбай батыр – Теміртау автожолында тұрғынның соқыршегі жарылған. Ақмолалық полицейлердің жедел қызметінің арқасында қыз аман қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экипаж құрамындағы қызмет инспекторы Алмаз Нөгербеков пен кезекші көмекшісі Жақсыгелді Жұмабеков түнгі уақытта патрульдеуді жүзеге асыру барысында оларға жол жүріп бара жатқан автокөлік жүргізушісі көмекке жүгінген. Ер адам полицейлерге көліктің салонында соқыршегі жарылған жолаушы бар екенін және елордалық жолдарда ең жақын ауруханаға өздігінен жете алмайтынын түсіндірген.

Патрульдік полицейлер оқиға туралы басшылыққа дереу хабарлап, қызды қызметтік автокөлікпен ауруханаға жедел жеткізу туралы шешім қабылдаған.

Полицейлер жолаушы қызды патрульдік автокөліктің артқы орындығына жайғастырып, жарқылдаған маяктардың көмегімен қызды санаулы минуттар ішінде Астана қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізген.

Емдеу мекемесінің қызметкерлері қызды жедел қабылдап, бірден медициналық көмек көрсетуге алып кеткен, ал патрульшілер патрульдік бағытқа қайта оралған.

Аздан соң көмек сұраған көлік жүргізушісі патрульдік полицейлерге келіп, қызға уақытылы көрсетілген көмектің арқасында оның өмірі ажал аузынан сақталып қалғаны туралы қуанышты жаңалығымен бөліскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру