Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер тас жолда жанармайы қатып қалған жүк көлігінің жүргізушілеріне көмектесті

Ақмолалық полицейлер тас жолда жанармайы қатып қалған жүк көлігінің жүргізушілеріне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан күні сағат 21:45 шамасында “Тұлпар 17” экипажына, құрамында инспектор Бақтияр Мұратов пен Тілеулес Кәкімов Петропавл – Астана республикалық тас жолындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде көмекке шақырылды. Айтылған орынға келгеннен кейін, екі жүк көлігінің дизель жанармайы қатып қалып, көліктер тоқтап калған.

Полицейлер қысқы дизель жанармайын және басқа да бұзылу құралдарын сатып алу үшін жүк көліктерін жақын маңдағы жанармай құю станциясына дереу жеткізді. Құтқару кезінде патрульдер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізушілердің жанында болды.

Бірнеше сағат бұрын дәл осы жолда инспекторлар Айбол және Илья Кабдуалиевтер құрамындағы басқа экипаж жүк көлігінің жүргізушісіне аязда қалмауға көмектесті.

Полиция азаматтардан қозғалысты шектеу немесе жолдарды жабу туралы хабарламаларды елемеуді сұрайды. Егер сапарға шығуға тура келсе, қиын жағдайға тап болмас үшін, көлік құралын керек жарақпен жабдықтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру