Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ұрыны «ізін суытпай» қолға түсірді

Ақмолалық полицейлер ұрыны «ізін суытпай» қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Кенжекеев пен Қанат Бейсембин қылмыскерді жеке іздеумен анықтап, «ізін суытпай» ұстады. Күдікті облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінің терезесінен металл торды жұлып алуға тырысты.

Шақыру Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 26 маусым күні кешкі сағат 20:33-те келіп түсті, ол кезде 41 жастағы жергілікті тұрғын болып жатқан оқиғаның куәгері болғанын хабарлады. Оқиға орнына жақын орналасқан учаскелік полиция инспекторлары шақыруға бірінші болып келді.

Куәгерлерден жауап алып, полиция қызметкерлері дереу қылмыс жасалған әкімшілік учаскені аралауға кірісті.

Учаскелік инспекторлар күдіктіні бір сағаттың ішінде анықтады. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 1-бөлімі бойынша (Ұрлыққа қастану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру